2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.11.2018

Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз!

      2018 жылдың 21 қарашада, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбында «Қазына» базарында акция өткізілді.

           Бұл күні әр тұтынушы үшін сатып алған өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, сүттің қышқылдығын және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға зама талабына сай зертханалық құралдармен тексертуге мүмкіншілік туды.

          Сонымен қатар Басқарма мамандары тарапынан тұтынушыларға дұрыс тамақтану мәселесі бойынша азаматтардың денсаулығын қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бірнеше кеңестер берілді. Акцияның басты мақсаты тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  

Тұрғындар арасында тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 82 сұрақнама жүргізіліп, 76 дана ескертпелер мен парақшалар таратылып, тағам өнімдерін сатып алғанда неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

           

23.11.2018