2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.09.2018

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

        

«Алатау ауданының 10 жылдығына» орай, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Алатау ауданы әкімдігінің алаңында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге қалалық «Жұмыспен қамту орталығы», «Базис-А», «Сабыржан», «SMALL» сияқты 10-нан аса ірі компаниялармен сауда орталықтары және аудандық білім бөлімі, «Психоневрологиялық ауытқулары бар балалардың күндізгі болу орталығы» мен ауданда орналасқан №14,22,23,25,29 емханалары да аталмыш жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде қатысып, бос жұмыс орындарын халыққа ұсынды. Жәрмеңкеге аудан және қала тұрғындары жұмыс іздеуші ретінде келді.Сонымен қатар, аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ұйымдастыруымен, шартты түрде жазасын өтеп жатқан азаматтарда жәрмеңкеге келіп, өздеріне қажетті жұмыстарды қарастыру мүмкіндігіне ие болды.


Шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін азайту.


Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық келуші тұрғындарға қажетті кеңес беріліп, 40-тан аса тұрғынға жұмыс беруші мекемелер өз кеңселеріне шақырып, жұмысқа тұру жағдайларын одан әрі қарай қарастыратынын айтты.


24.09.2018