2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

  • Негізгі бет
  • Бос жұмыс орыны
  • Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

21.05.2020


Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру


Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

263 596

343 820

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлімнің жоспарлы жұмысын атқарады. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызеткерлерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге және еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қолданады. Шағын бизнесті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының, жеке кәсіпкерліктің қызметін үйлестіреді, олардың жұмысына талдау жасайды, ақпараттық және анықтамалық құжаттарды өңдейді. Шағын бизнесті дамыту мен қолдау жөніндегі республикалық және қалалық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аудан әкімі өткізетін кеңестер мен конференцияларды ұйымдастырады. Аудандық тамақтандыру және сауда қызметі бастығының азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасарының міндеттерін атқарады. Әлеуметтік даму көрсеткіштеріне бақылау, статистикалық есеп көрсеткіштерін тапсырылуын өз құзыреті шеңберінде қамтамасыз ету, тиісті мемлекеттік мекемелермен көрсеткіштерді даму қарқынына талдау жасау. Аудан аумағында қатынайтын қоғамдық көліктердің бағытын үйлестіру және орнатуға қажет ететін аялдамаларды тиісті басқармалармен бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлеміне талдау жүргізу және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарының ашылуын талдау жасау. Аудандық эвакуациялық комиссия жұмысын жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдардан, мекемелерден, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды уақытылы орындалуын бақылайды. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін іс-шараларына қатысады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, есеп және аудит, маркетинг, менеджмент, дүниежүзілік экономика) саласындағы немесе техникалық ғылыдар мен технология (көлік, көліктік техника және технология) саласындағы немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласындағы немесе қызметтер (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс- әрекеті мен шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.


"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

            __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.