2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

  • Негізгі бет
  • Бос жұмыс орыны
  • Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

20.07.2020


Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру


Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

                                     

E-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

 

min

max

E-1

477 277

622 533

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz (10мб. аспайтын), Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары E-1 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері:Қала және аудан әкімі қабылдаған шешімдердің, өкімдердің және тапсырмалардың сәйкестігі мен орындалуына, мемлекеттік тілді жетілдіруге және әкімнің веб сайтына жеке жауапкершілікте болады. Ішкі саясат, білім, мәдениет және спорт, денсаулық, тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруын жүзеге асырады, сонымен қатар әлеуметтік, гендірлік, жастар саясаты,өз саласы бойынша аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы, сотталған азаматтарға қоғамдық жұмыстарды істейтін нысандарын анықтау, олардың уақытылы, сапалы және жауапкершілікпен жұмыстарын орындауды ұйымдастыру сұрақтарымен айналысады. Аудан әкімінің аппаратындағы әлеуметтік сала, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінің қызметтеріне тікелей басшылық жасайды. Аудандық білім бөлімінің, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, аудандық Әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік-мәдени сала мекемелерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Алатау аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің, өз саласындағы сұрақтары бойынша жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Ардагерлер кеңесімен, Мүгедектер қоғамымен, Көп балалы отбасылар одағымен, Интернационалист-жауынгерлер бірлестігімен, діни ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, аудан кітапханаларымен, жеке мектептер мен колледждермен, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, аудандық полиция басқармасымен, спорт мекемелерімен, Психикалық денсаулық орталығымен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасымен, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен, Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығымен, Мәдениет басқармасымен, Спорт басқармасымен, Білім басқармасымен, Алматы қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалымен өзара байланыста болады. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі, туберкулез, жұқпалы арулар, ЖҚТБ, АҚТҚ аурулары, маскүнемдік және нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі, әскерге шақыру жөніндегі, Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жұмысын үйлестіру жөніндегі, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі, қорғаншылық және қамқоршылыққа алу жөніндегі, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынға мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссия, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеу жөніндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді орта құру үшін әлеуметтік және рекреациондық нысандарға түгендеу жөнінідегі,аумақтық қорғаныс, спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы және өз саласы бойынша мемлекеттік сатып алукомиссияларына басшылық жасайды. Ауданның мәдени және спорттық іс-шаралардың ұйымдастырады және бақылайды. Мемлекеттік тілдің даму саясатын жүргізеді. Аудан бойынша ономастика жұмыстарының жүргізілуін бақылайды. Азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарастырады және өз құзіреті шегінде оларға қабылдау жүргізеді.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, экономика, қаржы, журналистика) саласындағы немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, халықаралық қатынастар, дінтану, теология, археология және этнология, филология) саласындағы немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласындағы немесе білім (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті,дене шынықтыру және спорт, тарих) саласындағы немесе өнер (өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау) саласындағы немесе қызметтер (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету) саласындағы немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (қоғамдық денсаулық сақтау немесе жалпы медицина немесе педиатрия) саласында.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілері немесе кеңесшілері, баспасөз хатшылары  тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

            __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.